Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік дарынды ғалым Ұлыбританияда жұмыс істеуге мәжбүр

Дәрі-дәрмекті тестілеуден өткізу процесін жылдамдатуға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапқан шымкенттік жас ғалым Ғалым Нұрымбетов шет елде жұмыс істеуге мәжбүр. Десе де ол өз болашағынан отанынан көреді.

Ғалым Нұрымбетов

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандағы фармацевтика саласының даму деңгейі дарынды ғалым Ғабит Нұрымбетовке елде өз мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан ол Ұлыбританиядағы Medherant еншілес орталығынан келген шақыртуды пайдаланып, сол жерде тәжірибе жинауда ұйғарған.

Жас ғалым ұзақ зерттеуінің нәтижесінде Франц дәстүрлі жәшігін жасапты. Ол трансдермальді дәрілерді тестілеу мақсатында қолданылады және тестілеу процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Дәл осы себепті көпшіліктің мойындауына ие болған.

Шымкент тумасы қазақ-британдық техникалық жоғары оқу орнын аяқтаған. Ол Уорик университетінде химия бойынша философия докторы атағын алыпты. Артынша университет жанындағы зерттеу компаниясындағылар болашағынан зор үміт күттіретін маманды байқап, жұмысқа шақырған.

«Болашағымның Қазақстанмен байланысты екені анық. Қазақстанға қайтып оралуды жоспарлап жүрмін. Алайда бұл біраз уақыттан кейін ғана мүмкін болады. Себебі бізде фармацевтика саласы қатты дамымаған. Бізде таблеткалап, инелер көп. Әзірге Қазақстанда мамандығым бойынша жұмыс жоқ», – дейді ғалым Ғабит Нұрымбетов.

 

Талқылау