Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер ақыл есі дамымаған жігіттің жақындарын іздестіруде

Шымкентте 20 жас шамасындағы ақыл есі дамымаған тұрғынның жақындары іздестірілуде. Бес айдан бері облыстық жүйке аурулары диспансерінің дәрігерлері науқастың аты-жөнін анықтай алмай отыр.

vlcsnap-2016-06-27-17h39m31s6-640x360

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Ол қазір Шымкент қаласындағы арнайы емдеу мекемесіне жабылған.

Бұл жігіттің қылықтары бір қарағанда жас балаға ұқсайды. Ақыл есінің кемістігі болмаса, диспансердегі дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындайды. Ол ел қатарлы тамақтанады, дәрісін уақтылы қабылдайды, ұйықтайды, Сондықтан, мұндағы мамандар науқастың тәртібіне ешқандай шағым жоқ дейді.

Бір ескеретіні, науқас ер адамдардан бойын аулақ тартып, сескенеді. Ал дәрігерлер оған зейіні дамымаған деген дигноз қойып отыр. Сондай-ақ, баланың жағдайы туралы ішкі істер қызметі органдарына хабарлама жөнелтілсе де, еш нәтиже берген жоқ. Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, науқастың мұнда ұзақ бөгелуіне болмайды. Сондықтан жас жігітті біліп-таныған жандар болса, Шымкент қаласындағы жүйке аурулары диспансеріне хабарласса болады.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкент ауруханасында 1 айға жуық ессіз күйде жатқан белгісіз науқас есімін атады

Шымкентте оқ тиіп ауыр жарақатпен түскен ер адамның кім екені анықталды

Талқылау