Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік бизнесмен әйелдің өртенген денесі Жамбыл облысынан табылды

Жоғалып кеткен шымкенттік бизнесмен әйелдің денесі Жамбыл облысы аумағынан табылған. Қазіргі кезде адам өлтірген деген айыппен күдікті де ұсталған. Бұл туралы аймақтық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Безымянный

Сурет otyrar.kz

2016 жылдың 17 сәуірінде Мойынқұм аудандық полиция басқармасына кәсіпкердің Шымкент қаласындағы туыстары әйелдің жоғалып кеткені туралы хабарлайды. 49 жастағы әйел Павлодардан КАМАЗ автокөлігі арқылы шыққан.

Аталған іс бойынша Жамбыл облыстық ІІД басшысы, генерал-майор Тілеген Мәткенов дереу тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жасақталған жедел-тергеу тобын құрады. ІІД-ның полицейлері Мойынқұм аудандық полиция қызметкерлерімен бірге әйелдің баруы мүмкін орындардың барлығын тінтіп шығуға кіріскен. Нәтижесінде 19 сәуір күні жоғалып кеткен азаматшаның денесі табылған.

Жедел-іздеу жұмыстарының арқасында көп кешікпей Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүретін 37 жастағы ер адам да ұсталған. Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр.

Бұған дейін әйелді туыстарының іздеп жатқаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау