Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін 50 мың доллар қажет

Шымкенттік Виола Балан есімді бүлдіршіннің енді тек бір айлық ғана өмірі қалған. Мұндай уақытты кезекті рет ем жүргізген танымал кардиологтар айтып отыр.

ееее

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Бүлдіршіннен жүрек ақауы белгілі болған. Оған шұғыл түрде операция жасалуы тиіс. Дәрігерлер бір ай көлемінде операция жасалуы керек деп отыр.

Ұзақ уақыт жасалған емнен кейін қыз тамақ ішпей, өзін тым мазасыз ұстайтын болған. Шона синдромына шалдыққан қыздың өміріне қауіп төніп тұр. Қазіргі таңда шымкенттік дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Оны қарап шыққан әрбір маман шетелде ем алуы керек дегенді баса айтуда. Германиядағы жүрек орталығында операция жасау үшін 50 мың доллар қаражат керек екен. Ал қыздың отбасы ондай ақшаны таба алар емес.

еееккк

“Өкінішке орай Қазақстанда мұндай операция жасалмайды. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені қарастырып жатыр. Қазір министрлікке осы жағдайға қатысты өтініш берілді. Оған шетелде операция жасалу үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатырмыз”, – деді Шымкенттегі №1 балалар емханасының бас дәрігері Гаухар Үкбаева.

Қазіргі дейін 7 миллион теңге ақша жиналған. Бірақ, әлі 11 миллион қажет.

IMG-20160929-WA00201111111-650x457

Виоланың емі үшін ақшаны банк карточкасы арқылы аударуға немесе 87079464036 телефонына хабарласып, беруге болады.

Талқылау