Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік әйелді арнайы төбелеске қатысатын ит талап өлтірді

Шымкентте 64 жастағы әйелді көршісінің арнайы төбелеске қатыстырылатын иті талап өлтірді. Қайтыс болған Надежда Чумихинаның күйеуі оқиға 22 сәуірде болғанын айтады.

Безымянный

Сурет: doggi.ru 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

 
Әйел қоршалмаған үйінің ауласына шыққан кезде, көрші үйдің иті оған қарай секіріп, тістелей бастайды. Куәгерлердің айтуынша, ит әйелдің денесінің оң жақ бөлігі мен бетінен тістеген. Зейнеткер алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тапты.

Қазіргі таңда итті полицейлер қарауына алған. Жәбірленуші тарап иттің иелерін кешіргенін айтты. Шымкент қалалық полициясы Еңбекші бөлімінің қызметкерлері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Иттің иелеріне Қылмыстық кодекстің 408-бабына сәйкес, айыппұл салынуы мүмкін. 

Талқылау