Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік ананың үш бірдей баласы өздігінен жүре алмайды

Балалар мектепке бара алмайтындықтан, сабақты үйде оқуға мәжбүр. Ал аяққа тұрғызуға барын салған ата-ананың әрекетінен әзірге еш нәтиже жоқ.

0

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тәңірбергеннің тірек-қимыл жүйесі бұзылғандықтан, арбаға таңылған. Өзінен бөлек, екі бауыры да қол арбада отыр. Ал анасы үш баласының да дүниеге сау болып келгенін айтады.

“Екі балама сәл кештеу қимылдап қалдым. Кеш болған соң олар отырып қалды. Содан кейін, мына кішкентай балам да бар. Диагнозы бір деп айтады. Сол енді жүріп кетсе деймін. Мамандар болса, жақсы деген. …үміттеніп отырмын сол, сәл жәрдем берсе”, – деп балалардың анасы Малика Елеуова өзінің іштей қатты қиналып жүргенін жеткізді.

Бүгінде қала шетіндегі жалға алған бір бөлмелі үйде жеті жан қысылып-қымтырылып өмір сүріп отыр. Дастарханға айнала жайғасқандардың үшеуі арбада отырады. Отағасы Әлихан үш айда бір рет бүлдіршіндерді ауруханаға, әр жетіде көлік жалдап, аяқ-қолдарын уқалаушы-маманға алып барады.

“Таксимен апарамыз. 500 теңге ары, 500 теңге бері. Екеуіне, 1000 теңге кетеді гой екі араға”, – деп балалардың әкесі Әлихан Елеуов те балалар ем-дом жүргізуге ақшалары жете бермейтінін айтты.

Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы ай сайын беріледі. Бірақ, қаражат жеткіліксіз көрінеді. Қайырымды жандардан көмек болар деген үміттегі ата-ана осыған қарамастан, бар күшін балаларының аяқтан тік тұруына арнаймыз деп отыр.

Талқылау