Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік ақсақал: Күйеуінің халін ойлаған әйелдер оған тоқал әперуі керек

Кейінгі кездері көп әйел алу туралы сөз жиі қозғалып жүр. Меніңше, бұл өзі қоғамға керек нәрсе ғой. Ең бастысы, еркекке керек, қартайғанда қор болмас үшін.

kuttybek 123

Бұл туралы Замана газеті жазады.

Сүйіп қосылған ерлі-зайыптының жұбайы күйеуіне оны қор қылмайды-ау деп өзі таңдап әйел әпереді. Өйткені еркек өліп кетсе әйел аса қинала қоймайды, келінімен сөзі жарасып кете береді, жақсы сыйласса, ауырып жатып қалған жағдайда келіні оған қалай қараса да ұят болмайды. Ал еркек әйелінің артында қалса, оған қартайғанда қиын, оның жағдайын келіні жасай алмайды. Басқасын айтпағанда, үлкен дәрет, кіші дәрет деген бар, өздігінен оған шамасы жетпесе, келіні оған қалай қарайды? Құдай басқа салмасын, осыны көзіңізге елестетудің өзі қорқынышты. Ал мұндай жағдайға ұшыраған адамдарды өмірден талай көргенбіз.

Сондықтан күйеуінің кейінгі халін ойлаған әйелдер оған тоқал әпереді, ал қор болып өлсін дегендер екінші әйел әпермейді.

Біле білген әйелге күйеуі – пірі, жарын дұрыстап күте білген әйел жәннатқа барады. Дінде осылай айтылған. Мұны есте ұстау керек.

Әрине, бас салып әйел ала беру керек демеймін. Көп әйел алудың өзіндік жауапкершіліктері де бар, еркек соның үдесінен шыға алатын болуы керек. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме.

Бүгінде әкесінің кім екенін біл­мей­тіндер көбейіп келеді. Бұзақылық жа­сайтын, адамды сыртынан жамандап, өштестіріп қойып, соған рахаттанып қарап тұратындар көбейді. Меніңше, осын­дайлардың көбі некесіз туғандардан, тәрбие көрмегендерден шығады. Осыған бір мысал келтірейін.

Бірде Мұса пайғамбар Жаратушы Хақтан: «Иә, Алла, менен ілімді пайғамбар бар ма?» – деп сұраған екен, Жаратушы Иеміз: «Бар, сен оны жолықтырасың», – депті. Содан бір күні Мұса жолға шығайын деп жатқанда бір қариямен ұшырасып қалады. Жөн сұрасқанда екеуінің бағыты бір болып шығады. Сосын екеуі бірге жүріп, жолда бір кейуананың үйінде қонақ болыпты. Үй иесі намаз оқиды екен, уақыты болып, намазға тұрғанда ешкісі қайта-қайта маңырай беріпті. Сонда Мұсаның жанындағы адам әй-шайға қарамастан қылышпен ешкінің басын шауып тастапты. Мұса әлгі адамнан сескеніп қалады, бірақ ештеңе демейді.

Жолда келе жатқанда әлгі адам ойнап жүрген бір топ баланың біреуін шақырып алып, оның да басын шауып тастапты. «Қандай жанмен сапарлас болдым?!» – деп Мұса іштей қапаланыпты.

Содан екеуі мыңғырған малы бар бі­реудің үйіне барып «құдайы қонақпыз» деп түседі. Үй иесінің малдан қолы босамайды екен, үсті-басын са­ды­ра басып, жағымсыз исі мүңкіген ол бұларды жақтыра қоймапты. Ал таңертең жолға шығарда Мұсаның жанындағы адам үй иесіне: «Ағайын, Алла-тағалам саған бұл малыңның үстіне тағы да осынша мал қосып берсін!» – депті.

Бұған таңқалған Мұса былай шыққасын жанындағы адамнан жөн сұрайды. Сонда әлгі адам: «Мұса, мен оған қарғыс айттым. «Мал, мал» деп жүріп намаз да оқымайды, үсті-басы сасық, қалай намаз оқысын, өзі тойынып тамақ та ішпейді екен. Оның жазасы сол. Ешкінің басын шапқаным, Құдайға құлшылық жасап жатқан жанға кедергі келтірмесін дедім. Ал ба­ла некесіз туған, оның басын кейін адамшылығы кем, жауыз, зұлым болатындықтан шаптым», – деген екен.

Яғни Алла-тағала зинақорлықты, не­кесіз қосылуды, бұзақылықты, зұ­лым­­дықты, жалпы, жамандық жасаушыларды жақтырмайды. Ал бүгінде жұрт­тың көбі адамгершілік қасиет дегенді білмей барады. Мұның арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Сондықтан жұрт жамандық атаулыдан қашық жүрсе, адамдық қасиетін сақ­таса екен деймін. Менің осы жаз­ғандарымды жұртқа жеткізулеріңізді сұраймын.

…Төлеби ауданының Зертас ауылында тұратын Құттыбек ата өзінің ой-толғаныстарын осылай жеткізіпті. Ол кісінің айтқандары кімді де болса бейжай қалдырмас деп ойлаймыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген

Ақтөбелік келіншек күйеуіне өзі тоқал іздеп жүр

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Талқылау