Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік ақсақал елді Құдайға сенбеуге шақырды

Бар ғұмырын білім саласына арнаған шымкенттік ақсақал қазір қоғамды қорқыныш құшағында ұстап отырған радикалды діни топтарға қатысты пікір білдірді.

AmRiaZGLvM

Фото: kazakhstanzaman.kz

Бұл туралы “Рейтинг” басылымы хабарлайды.

Шажат Оспанұлының есімі оңтүстік жұртына жақсы таныс. КСРО және Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, “Еңбек ардагері” және басқа да мемлекеттік медальдармен марапатталған.

“Қазір жер-жерде сәләфиттер қаптап кетті. Жай қаптаса мейлі ғой, түрлі жолдармен бейбіт тұрғындарды, жап-жас полиция қызметкерлерін өлтіруде. Кезінде “Хизб ут тахрир”, “Әл-Каида” секілді дін атын жамылған саяси топтар да ылаң салған еді. Уахабшылар да басты ауыртты. Оларды дәстүрлі емес діни ағым өкілдерді деп жатыр ғой. Менің айтарым, дәстүрлі емес болсын, дәстүрлі болсын, жалпы дін деген дұрыс емес. Дінге сенбеу керек”, – дейді Шажат ата.

Ақсақал бұл тақырыпқа көлдей бір мақала арнапты. Ол “Дін деген өтірікке нану деген, көңілге өнбес қиял алу деген “деп жазған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, “Бүгінгі күн ел дінге бет бұрып, бес мыңға жуық мешіт салып жатқан кездің өзінде, мен қазақ халқының болашағы дінге емес, білім мен ғылымға байланысты екеніне кәміл сенемін” деген ғалым Манаш Қозыбаевтың, дінге қайшы пікір айтты деп Мұхтар Әуезов, Мұстафа Кемал Ататүріктердің пікірлерін мысалға келтіреді. Ақсақалдың мақаласы одан әрі қарай былай жалғасады.

“Ислам дінінің Ата Заңы сияқты Құран-Кәрімнің (Рәтбек қажы аударған нұсқасының 20,52 беттерінде) “Ислам дінінен басқа дінді көксейтіндердің ешқайсысының тілегі қабыл болмайды, ол қияметте зардап шегеді. Алланың дінін бекем тұтыңдар, ол діннен жақсы дін ешкімде жоқ” деп жазылған болса, Христиан дінінің Ата Заңы сияқты кітабы Інжілде (библияда): “Всю эту информацию мы имеем благодария Библии, слову Божьему к нам. В Библии мы читаем «Верующий в него, не будет судим, кто не верит, тот уже осужден, потому что он не поверил значению имени единственного сына Божьему” деген пікір бар (“Аргументы и факты” апталығы, №51, 1991 ж.).

Осы пікірлерден екі діннің өз діндерін артық көріп, бірі екіншісін кемсітіп тұрған жоқ па? Сонда мұның қайсысы дұрыс дін екеніне кімдер, бар болса, қай құдай төрелік етер екен? Христиан діні үш Құдайымыз бар, олар Явге-әке құдай, Иисус Христос бала құдай және Рух құдай дейді. Олай болса, құдайлар мыңдаған жылдың барысында ғаріп-ғасір, кедей-кепшік, ауру-сырқау адамдарды неге бақытты ете алмай келеді? Не бір алапат зілзалаларды, неше түрлі қырғын соғыстарды жасап, адам баласын апатқа ұшыратуда. Діни ұғымда құдайлардың шексіз ғажап құдірет күші бар, асқан даналығы бар, қара қылды қақ жарған теңдессіз әділдігі бар, өлшеусіз ететін мейірімділігі бар делінеді. Олай болса, Христиан дінінің үш құдайы адамзатқа мұндай сұмдықтар мен сорақылықтарға, қайғылы қасіреттер мен алапат апаттарға неге жол беріп келеді деуге тура келеді. Әлде, ол үш құдай жантүгершілік жауыздықтарға құмар ма? Ал, Ислам дінінің құдайы осынау сұмдықтарға өз үлесін қосып жатқан жоқ па? Өйткені, кейбір діншілдер “құдайсыз қурай да сынбайды” деп жүр емес пе?

Адамзат тарихында дін соғыстары жеке халықтарда ондаған, жүздеген жылдарға созылған. “Құдай үшін, дін үшін мың, миллиондаған адам құрбан етілді” деп ғалым Н.Ильминский айтып кеткен. Ойлап қарасаңыз, сол соғыста қаншама адам бақытсыздыққа душар болды. Ж.Леметр есімді философ “Адам атеист болмайынша, бақытты болмайды” деген екен. Марксизм-ленинизм ілімі бойынша, діндердің бәрі де социализм мен коммунизм кезінде іске аспайды, тарих қойнауына кетеді”, – деп жазады ақсақал.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда шұңқырға түсіп кеткен әйел мен баланы құтқарған офицер марапатқа ұсынылды

Бензин құйып әйелін өртеген күйеуі балаларды анасына қайтармай отыр

Атырауда тамақ ішуге таласқан жұмысшылар бір-бірін таптай жаздады (видео)

Қазақ даласынан ұлттық ою-өрнектер пішініндегі қорғандар табылды (фото)

Қазақстандық оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алатын болады

Талқылау