Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік ағайынды бизнесмендер IKEA-мен келісім-шартқа отырды

Талғат және Баян Ысқақовтар 90 жылдардың басында кәсіптерін кілем сатудан бастаған. Өзге бизнесмендер секілді Түркиядан тауар тасып ел нарығында сатуға шығарған. Арада оншақты жыл өтіп, кәсіптері дөңгеленгенде олар тәуекелге барып өздері кілем өндірісін жолға қоюға кіріскен.

x70396d20160511110708

Бұл туралы and.kz  хабарлайды.

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында “Оңтүстік” СЭЗ зауытының құрылысы басталды. Кәсіпкерлер кілем өндірісі үшін 4 құрылғы орнатып, адам жинайды. Бір жыл өткен соң шаруа да басталады. Үлкен күшпен іске кірісіп кеткен “Бал Текстиль” компаниясы бір жылда екі миллион шаршы метр кілемді өндіріп шығарады. Бұл үшін 100 қызметкер жеткілікті болды.

“Біздің барлық қызметкерлер жергілікті тұрғындар. Бастапқыда өз елімізде арнайы мамандарды таппаған соң, біз өз адамдарымызы Түркияға оқуға жібердік. Ал өндіріс басталған кезде, біз түрік мамандарды шақырып, осында өзіміздің қызметкерлерге дәріс ұйымдастырдық. Қазіргі күнде бізде 230-дан астам адам еңбек етеді. Жылына 4 миллион шаршы метр кілем өндіріп шығарамыз, бұл дегеніңіз орта мөлшерде 670 мың кілем”, – дейді “Бал Тексиль” компаниясының қаржылық директоры Қуан Ысқақов.

kover

Өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайған сайын компания да өзіне ыңғайлы серіктес іздей бастайды. “KAZNEX INVEST”” экспорт және инвестиция бойынша ұлттық агенттігі” АҚ-ның мемлекеттік бағдарламасы арқылы “Бал Текстиль” өкілдері көрмелерге барып, өз өнімдерін таныстырады. Сондай көрмелердің бірінде Ресейлік IKEA өкілдерімен де танысу сәті түседі. Олар ешқашан бұл жерде жұмыс істеп көрмеген, сол себепті Қазақстан олар үшін тың, жаңа аймақ болып есептеледі.

“Олар біздің өндіріске қызығып, 2014 жылы келіп танысты. Ашығын айтқанда сол кезде тауар тасымалдаушылар үшін қазақстандық нарық жабық болды, осындай компаниялар үшін. Ақыры оларға біздің өндіріс ұнады. Біз Мәскеуде келіссөз жүргіземіз деп келістік. Әрине, біз осындай серіктестік орнағанына қуаныштымыз. Көптеген қазақстандық текстиль өндірістері тіпті мұндай серіктестік туралы армандамайды да. Ал бізге керемет мүмкіндік бұйырып отыр”, – дейді Қуан Ысқақов.

Бизнесмендер ұзақ әрі қуатты жұмысқа дайындықты бастап кетті. Құжаттарды рәсімдеу, сертификат алу, барлық мүмкін болатын стандарттарды мақұлдату және бюракратиялық баспалдақтарды басып өту сынды асулар алда тұрды. Бір жылдай дайындалып арнайы инелер мен бояуларды шығарып, олардың қыруарын Қытай, Германия, Ұлыбританияда сынақтан өткізген. Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, көптеген келісім жасалды. Екі жыл өткен соі компания Ресейден бірінші тауар партиясында 300 мың шаршы метр кілем тасымалдады.

“Біз қазірдің өзінде Қытай IKEA және АҚШ IKEA-сымен келісім-шарт жасастық. Келісімге қол қойылды, енді жылдың аяғына дейін әр елден 150 мың кілем тасимыз. Біздің кілемдердің ерекшелігі сол – бельгиялық технологиямен соңғы үлгіде жасаймыз. Кілемге қажетті материалдарды да өзіміз өндіреміз. Шикізат пен дайын өнімді шығаратын Қазақстандағы жалғыз фабрикамыз”, – дейді қаржылық директоры.

Оның сөзінше “Бал текстиль” кілемдері өзге шетелдік бәсекелестерге қарағанда ыңғайлы, сапа тұрғысынан да алды. “Тұран”, “Алатау”, “Барыс” маркалы кілемдер қазір еліміздің барлық дүкендерінде бар.

Талқылау