Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі жан түршігерлік апат: жүргізуші балалар тұрған аялдамаға кіріп кеткен

Шымкентте жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6 бүлдіршін задап шекті, – деп хабарлайды Tengrinews облыстық балалар емханасы бас дәрігерінің орынбасарына сілтеме жасай отырып.

152

Сурет: mashintop.ru

«Шымкентте 1 адам қаза тауып, 6 бүлдіршін зардап шекті. Бізге 5 баланы жеткізді. Үшеуінің жағдайын тексеріп, үйіне қайтардық. Ал, біреуінің миы шайқалып, екіншісі басынан жарақат алған. Оларды жансақтау бөліміне жеткіздік. Қазір екі баланың да жағдайы орташа ауырлық деңгейде», – дейді облыстық балалар емханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев.

Оның айтуынша, тағы бір бала қалалық ауруханада жатыр. Оның жағдайы ауыр деп есептелген.

Дәрігердің мәліметінше, балалар Жаңаталап қалашығындағы аялдамаға дейін шығып кеткен Audi көлігінен зардап шеккен.

Талқылау