Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі жағдайы қиын отбасыға Алматылық кәсіпкер үй сыйлады

Бес баласының үшеуі ауруханада жатқан, жағдайлары мүшкіл Елеуовтер отбасының баспана мәселесі шешімін тапты. Көктемнің алғашқы күнінде отбасы қоныс той жасамақ.

ds

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Шымкенттік Елеуовтер көп балалы отбасы журналистерге көмек сұрап хабарласқан болатын. Бес баласының үшеуі бірдей сал ауруына ұшыраған. Мемлекеттен берілетін жәрдемақының көп бөлігі емделуге, дәріге және пәтер ақысын төлеуге кетеді. Ал отбасы үй кезегінде небәрі 5164-шы болып кезекте тұр екен.

Отағасы Әлихан Елеуов балалар тәрбиесімен өзі айналысады. Оларға ерекше күтім керек. Ең үлкені Тәңірберген 10-да, Нұрсұлтан 8 жаста, ал кіші Бексұлтан жетіге толды. Әлихан әйеліне көмек керек болғандықтан, жұмысын тастап балалар күтімімен айналысуға көшкен. Үш бала да өздігінен жүріп-тұра алмайды.

Екі жыл бұрын Елеуовтер Шымкентке Қазығұрттан көшіп келген. Олар қалалық жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік көбейеді деп үміттенген. Бірақ, мұнда да бес балалы отбасы айдан айға әрең жетіп күнелтіп отыр. Журналистер осы отбасы туралы қоғамды құлағдар еткеннен кейін, біреулер азық-түлікпен, біреулер ақшалай көмек көрсете бастаған. Ал Алматылық кәсіпкер әйел оларға баспана сатып алып беру туралы ұсыныс білдіріпті.

Біраз уақыт іздеуден кейін, бірнеше нұсқаның ішінен төрт бөлмелі үйді алуға шешім қабылдаған. Отағасы мен әйелі өздеріне көмек қолдарын созған барша адамдарға алғыс білдіреді. Елеуовтер қоныс тойларын бірінші наурыз күні жасаймыз деп белгілеп отыр.

Талқылау