Шымкенттегі жағдайы қиын отбасыға Алматылық кәсіпкер үй сыйлады

Сейсенбі, 23 Ақпан , 2016 8:55

Бес баласының үшеуі ауруханада жатқан, жағдайлары мүшкіл Елеуовтер отбасының баспана мәселесі шешімін тапты. Көктемнің алғашқы күнінде отбасы қоныс той жасамақ.

ds

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Шымкенттік Елеуовтер көп балалы отбасы журналистерге көмек сұрап хабарласқан болатын. Бес баласының үшеуі бірдей сал ауруына ұшыраған. Мемлекеттен берілетін жәрдемақының көп бөлігі емделуге, дәріге және пәтер ақысын төлеуге кетеді. Ал отбасы үй кезегінде небәрі 5164-шы болып кезекте тұр екен.

Отағасы Әлихан Елеуов балалар тәрбиесімен өзі айналысады. Оларға ерекше күтім керек. Ең үлкені Тәңірберген 10-да, Нұрсұлтан 8 жаста, ал кіші Бексұлтан жетіге толды. Әлихан әйеліне көмек керек болғандықтан, жұмысын тастап балалар күтімімен айналысуға көшкен. Үш бала да өздігінен жүріп-тұра алмайды.

Екі жыл бұрын Елеуовтер Шымкентке Қазығұрттан көшіп келген. Олар қалалық жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік көбейеді деп үміттенген. Бірақ, мұнда да бес балалы отбасы айдан айға әрең жетіп күнелтіп отыр. Журналистер осы отбасы туралы қоғамды құлағдар еткеннен кейін, біреулер азық-түлікпен, біреулер ақшалай көмек көрсете бастаған. Ал Алматылық кәсіпкер әйел оларға баспана сатып алып беру туралы ұсыныс білдіріпті.

Біраз уақыт іздеуден кейін, бірнеше нұсқаның ішінен төрт бөлмелі үйді алуға шешім қабылдаған. Отағасы мен әйелі өздеріне көмек қолдарын созған барша адамдарға алғыс білдіреді. Елеуовтер қоныс тойларын бірінші наурыз күні жасаймыз деп белгілеп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

26
Комментариев
  • Алмажан says:

    Жақсы іс, жарым ырыс дейді қазақ халқы, осы Алматылық кәсіпкерден басқалар да үлгі алса екен

  • Дамира says:

    Дай Аллах выздоровления деткам Елеуовых, да и всем остальным болеющим детям. Люди ведите здоровый образ жизни, будем здоровы мы, родятся и наши будущие дети здоровыми

  • Фатима says:

    Дорогие состоятельные люди, помогите тем кто нуждается в Вашей помощи и Вам за это вернется втройне

  • Жұмбақ жан says:

    Очень хорошо что наше государство помогает таким нуждающимся семьям

  • Жұмбақ жан says:

    Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолұшын беріп көмектесетін жандарға алғысым шексіз. Елеуовтер отбасының балдарының тез сауығып кетуін тілеймін.

  • Бақыт says:

    Кәсіпкер әйелге мың да бір рахмет. Осындай қарқорлығы ол кісіге мың сауап болып қайтсын.

  • Анас says:

    Ол үлкен көмек осылайша жанұйаға пәтер сыйлап отырғанына.

  • Жансерик says:

    Мир не без добрых людей я благодарен что у нас есть такие добрые люди которые протягивают руку помощи.

  • Даурен says:

    Жақсы болған екен. Осындай жанашыр азаматтардың болғаны қуантады.

  • Олжас says:

    міне осындай жаңалықтар көбейсе екен

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар