Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі екі автобус жүргізушілері мен кондукторларының төбелесі (Видео)

19 қаңтар күні «13 қала» тобында екі автобустың жүргізушілері мен кондукторларының төбелесі жайлы видео салынды. Видео өтіп бара жатқан автобустың видеобақылауына түсіп қалған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Видеода екі қыз кондукторлар жүргізушілеріне көмектескісі келсе керек, бір-бірімен жұлыса кетеді. Өтіп бара жатқан жолаушылар оларды ажыратпақ болады. Кондукторларды оңай арашалағанмен, жүргізушілерді бір бірінен айыру қиын болған сияқты.

Төбелеске не себеп болғаны әзірге түсініксіз.

Талқылау