Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі Астана даңғылына Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін

ОҚО мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов Шымкенттегі Астана даңғылын Назарбаев есімімен атауды ұсынды. Бұл туралы ОҚО мәслихатының кезектен тыс отырысында айтты.

Мелдехановтың бұл ұсынысын маслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Астана даңғылы – Шымкент қаласының бас көшесі. Онда облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан.

Кезектен тыс ұйымдастырылған жиында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы президенттің биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында аталған негізгі 10 бағыт бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

2017 жылдың қарашасында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып ауыстырылған еді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстан президентінің халыққа Жолдауы-2018: Толық нұсқа

Президент: оқушыларға берілетін тапсырманы жеңілдету керек

Елбасы: Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлт өкілі де президент болып сайлана алады

Назарбаев: Терминдерді қазақ тіліне аударудағы “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді

Талқылау