Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: Тапсырыспен келген суши таза болмай шықты

Шымкенттегі бүлдіршіннің өлімінен соң тамақтану орындары тексеріліп, нәтижесі шықты.

Мамандардың айтуынша, қыздың анасы ғаламтор арқылы тапсырыс берген пицца құрамында микроб болғаны анықталды, деп жазады Sputnik.

Үйдегі су краны мен пышақты тексергенде бактерия таяқшалары бары анықталды.

“Зардап шегуші кешкілік ғаламтор арқылы суши мен пиццаға тапсырыс берген. “Филадельфия” сушиінен төрт бактерия таяқшалары табылды”, – дейді облыстық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Микроб анасының жуған суынан да шықты.

Сарапшылар анасы мен қызы тамақтанған жергілікті кафені де тексерді. Олар жеген пиде мен сүтті-бананды коктейль, ет бәрі таза болды.

Алайда бес жұмысшыдан, екі аспаз бен көмекшісінен, ыдыс жуғыш пен кондитерден стафилококк табылды. Кафенің 15 жұмысшысы мен суши-пицца тасушы үш қызметкер орнынан кетті. Олардың медициналық кітапшасы болмаған. Әкімшілік жаза тағайындалып, айыппұл салынды.

Тексеріс нәтижесі ІІД-не берілді. Қазір тәуелсіз сарапшылар Шымкенттегі кафенің қызмет сапасын тексеруде.

Бұған дейін қыз баланың анасы жағдайды өзі баяндап, дәрігерлердің қызметіне көңілі толмайтынын айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау