Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үш жасар қыздың арын бұлғаған педофилге қатысты үкім оқылды

Шымкентте үш жасар қызды зорлады деп танылған  еркекке қатысты сот үкімі оқылды. Сотталушының өзі қызды золаған, зорламағанын сол сәтте қатты мас болғандықтан анық білмейтінін айтады. Сондықтан күдікті сотта өз кінәсін мойындамады.

педофил

Бұл туралы  Отырар сайты жазды.

Еш жерде жұмыс істемейтін, отбасы, балалары жоқ сотталушы үкімді басын төмен салбыратып, отырған күйі тыңдады. Сот залында сотталушының қорғаушылары мен конвойлар, журналистер ғана болды. Жәбірленуші тараптан бірде бір адам келмеген.

“Сотталушыға  «жас балаға  сексуалдық мінезде күш көрсетті» деген айып тағылып, қылмысы дәлелденді. ҚР ҚК 121 баптың 4 тармағы бойынша  күдікті 16 жылға қатаң режимдегі түрмеге жабылады”,-деді Сот төрешісі Сейтжапбаров  Жәнібек

қамауға-алды

21 қаңтар күні  тұрғын үйдің жанында екі кішкентай қыз ойнап жүрген. Қыздардың ата-анасы оларды терезеден сырттай  бақылап отырған. Бір кезде балалар көрінбей қалады. Шошып кеткен ата-аналар бірден оларды іздей жүгіреді. Балаларды үйдің артында бөтен еркектердің қасынан табады. Адамдардың кележатқанын көрген еркек тұра қашуға ұмтылады. Қыздардың бірі жалаңаш тұрған. Әйелдер қашып баражатқан еркекті ұстап, телефон арқылы полицияға қоңырау шалады.

Сот медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша педофил бір қыздың пәктігін қолымен бұзған. Дәлелдің бірі, педофилді тексеру кезінде тырнағының арасында қыздың қаны болған. Күдікті есте сақтау қабілетінің нашарлығына байланысты не болғанын білмейтінін айтып, өз кінәсін мойындамаған.

«Сотта ол мас болғандықтан  есінде ештеңе жоқ екенін айтты. Оның маскүнем екені анықталып, қамауда отырған кезде осы дертіне орай емделетін болды»,-деді сот төрешісі Жәнібек  Сейтжапбаров.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау