Шымкентте үш аяқты балапан дүниеге келген
Шымкенттік отбасында үш аяқты балапан дүниеге келді. Үш аяқты балапан ауыл азаматтарының қызығына айналған. Оны көргісі келетіндер көп екен.
Бұл туралы Отырар арнасы жазған.
Рахымжан Имамовтың қорасында осындай балапанның пайда болағына көп уақыт бола қоймапты. Азамат сенімді адамнан жылдағы әдеті бойынша бірнеше күрік тауық алған. Олар жұмыртқаны жарып шыққан көптеген балапанның арасынан үш аяқтысын бірден байқай қоймаған.
«Шөжелерді тамақтандырып жатқан кезде байқадым мұндай жағдайды. Балапанның үшінші аяғында әдеттегідей төрт емес үш саусақ. Ол аяғын жүруге пайдаланбайды. Қанша жылдан бері тауық өсіреміз, мұндай жағдай бірінші мәрте болып отыр. Не себепті бұлай болғанын да біле алмадым. Мен тауық,жұмыртқа алатын жер экологиялық таза аумақта орналасқан»,-дейді Имамов.
Шаруаның айтуынша балапанның үшінші аяғы оған ешқандай кедергі келтірмейді екен. Ерекше балапан өзімен қатарлас шөжелермен бірдей өсіп келеді екен.