Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жүргізуші көліктің астына кіріп кеткен әйелді байқамай, сүйреп әкеткен

Шымкентте жол-көлік оқиғасы орын алып, 1973 жылғы әйел зардап шекті. Көліктің астына кіріп кеткен әйелді бірнеше метр  жерге сүйреп әкеткен.

Шымкентте жүргізуші әйелдің көліктің астына кіріп кеткенін байқамай, сүйреп әкеткен

«Мерседес» жүргізуішісінің сөзінше, ол ешкімнің жолдан өтіп бара жатқанын көрмеген. Тек шамамен 100 метрді жерді жүріп өткеннен кейін әлдененің көліктің жүруіне кедергі келтіретінін байқапты. Сол кезде көліктің астында әйелдің жатқаны белгілі болды. Ол екі жолаушымен бірге домкратпен көлікті көтеріп, әйелді астынан шығарып алыпты, деп хабарлайды Otyrar басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Шымкентте жүргізуші әйелдің көліктің астына кіріп кеткенін байқамай, сүйреп әкеткен

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем әйелді ауруханаға жеткізіп, ол жерде шұғыл ота жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, әйел комада жатыр.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын және нақты кімнің кінәлі екенін полицейлер анықтайтын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау