Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жүргізуші дәрігерді парақор деп айыптағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының көлік жүргізушісі бас дәрігердің былығын ашамын деп, ақыры өзі сотталып кетті. Сот басшысын парақор деп айыптаған Әлішер Тұрсынқұловтың өзін пара алушы және алаяқ деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері әрі қалалық мәслихат депутаты Гүлнәр Құрманбекованың 16 жыл жүргізушісі болған Әлішер Тұрсынқұлов былтыр сәуір айында бастығының қылмыстарын тізбектеп ғаламторға шыққан еді. Ауызбастырық бергендерді ғана жұмысқа алады деп, ал арадағы делдал ретінде өзінің амалсыз ақша тасығанын айтып ұлттық қауіпсіздік комитетінен өзін және отбасын қорғауды сұраған. Бірақ содан өзінің басы бәлеге қалды. Оған 13 адам жұмысқа тұруы үшін ақша бергенін айтқан соң Тұрсынқұловтың өзіне «пара алу» және «алаяқтық» бойынша іс қозғалды. Бастығыма тасыдым дегенін дәлелдей алмаған ол енді 8 жылын өтеп қана қоймай, кезінде алған 10 миллион теңгесін де қайтаруы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе облысында жесір келіншек жұмыс орнында көз жұмған күйеуінің басшысын жазалауды талап етіп отыр

Қызылордада жалақысын алмаған жұмысшылар шу шығарды

Билл Гейтстің өзі жемеген: Қоғам белсенділері елді шулатқан торт жайлы

ШҚО-да орталықта тәрбиеленіп жатқан мүгедек жандар шаңырақ көтерді (фото)

Талқылау