Шымкентте жылу құдығынан мәйіт табылды

Жұма, 22 Қаңтар , 2016 12:07

Шымкентте жылу жүйесі құдықтарының бірінен өлі адамның денесі табылды.

жылу

Бұл туралы Отырар сайты хабарлады.

Бұл туралы суыт хабар облыстық төтенше жағдай департаментінің кезекшісіне сағат 10:47-де түскен.

Куәгерлер Кремль көшесінің бойындағы спид орталығының қасындағы құдықта бір адамның қимылсыз жатқанын байқап, 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларға хабар береді.

Сағат 10:48-де төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының арнайы мамандар тобы көрсетілген мекенжайға аттанып, 11:04-те келіп жетті.

Арада бірер минут өткенде оқиға орнына шақырту алған полиция қызметкерлері де келеді. Тәртіп сақшыларының қатысымен құтқарушылар құдыққа түсуді бастайды. Мамандар альпинистік құралдың көмегімен мәйітті сыртқа алып шықты.

Марқұмның жасы 50-лер шамасында. Құтқарушылар оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. Алдын ала болжамға сәйкес, тұрғылықты үйі жоқ азамат жылыну үшін құдыққа түссе керек. Қақпақты да өзі ашқан болуы мүмкін.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар