Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жұмыссыздар алаңы ашылады

Шымкент қаласының әкімі жұмыссыздар алаңын ашуды жоспарлап отыр. Ғабидолла Әбдірахымов күнделікті «Миланж» фабрикасы маңын тұраққа айналдырған жұмыссыз азаматтарды бір жерге шоғырландырып, қала көркін қашырмауды ұсынды.5DB4F2C2-CD87-465E-A1B9-2DEE8D3653B2_w900_r1_s

Бұл туралы Otyrar.kz сайты хабарлайды.

Әрі оларды арнайы тіркеуге қойып, екі қолға бір күрек табуға көмектесуді тапсырды. Айта өтейік, өткен жылы Шымкентте 40 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте сөз болды.

Бұл жиында қала әкімінің орынбасары Қ.Нұртай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде баяндама жасады. Әрі парақорлықпен күрес мәселесіне орай қала әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараттары мен құрылымдық бөлімдерімен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру туралы баяндап өтті. Осыған орай қоғамның түрлі саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аясында тақырыптық кездесулер, дөңелек үстелдер өткізіліп жатқаны белгілі болды.

Келесі кезекте «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының Шымкент қаласында орындалу барысы туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Қуанышбеков баяндама жасап, бағдарламаның инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу секілді үш бағытын сөз етті.

Айта кету керек, жұмыспен қамту орталығында қазіргі таңда арнайы операциялық зал ашылып, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді байланыстыратын алаңға айналып келеді. Бұл алаң интернет желісіне қосылған, арнайы техникалық құралдармен жабдықтау, «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетуді қамтиды.

Мәселен, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары тұрақты, уақытша, сағаттық кестеге сәйкес жіктеп, орталықтандырылған базаға енгізіліп, еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеушілерге ұсынылады.

Жиын соңында шаһар басшысы Ғ.Әбдірахымов салалық бөлімдерге алдағы уақытта осы мәселелердің орындалу барысын өз қадағалауына алатындығын айтып өтті.

Талқылау