Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жолаушылар автобусы онға жуық көлікті соқты

Шымкенттегі Бәйдібек би көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұнда 10 автокөлік соқтығысқан. №101 бағытта жүретін автобус жоғары жылдамдықпен жүйткіп келген күйі алдында тоқтап тұрған темір тұлпарларды жайпап кеткен.

014-2-640x369

Бұл туралы Отырар сайты хабарлайды.

Соның салдарынан 17 адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға басында болған жүргізушілердің айтуынша, қоғамдық көліктің жылдамдығы өте жоғары болған. Әйтпесе бір қатарда тұрған 10 автокөлікті соғып жылжыту мүмкін емес дейді олар.

0013-640x370

Автобустың ішінде жолаушылар да болған көрінеді. Абырой болғанда ондағылар ауыр жарақат алмаған. Ауруханаға қоғамдық көліктің кодукторы мен жүргізушісі де жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.

Талқылау