Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жол апатынан 4 адам көз жұмған оқиғада ізін суытқан күдікті ұсталды

ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 1991 жылы туған жүргізуші өткен демалыс күндері Байтұрсынов көшесінде жолда жүру ережесін бұзып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Ауди-80» көлігімен соқтығысты.

сооооооттт

310860_600310860_600310860_600310860_600«Соқтығысу салдарынан Audi жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ауруханаға барар жолда көлік салонында болған 2010 және 2014 жылдары дүниеге келген нәрестелер көз жұмды. Сонымен қатар, қалалық ауруханалардың бірінің жан сақтау бөлімінде  Audi көлігінің тағы бір 1987 жылы туған жолаушысы ажал құшты», – деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Күдікті ұсталды. Аталған факт бойынша сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, осы демалыс күндері тағы бір жол көлік апаты орын алды. Онда 4 адам қаза тапты. Алматы-Ташкент жолында 24 жастағы жүргізуші бетон қоршауға соғылды. Соқтығысу салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы мерт болды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Талқылау