Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жол үстінде жататын бағдаршамдар пайда болды

Шымкентте Қазақстан бойынша жалғыз жол үстінде жататын бағдаршам пайда болды. Жарық шашып жататын жолақ бастарын гаджеттен алмайтын адамдар, балалар, қарт кісілер үшін қосымша көмек рөлін атқармақ.

462958

Сурет 4esnok.by

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Аталмыш құрылғы 50 градуыс ыстықта да, 30 градуыс суықта да жұмыс істей береді. Жанып тұратын жаяу адамдар жолағы қаланың ең маңызды нүктелеріне, сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарына жақын жерлерге қойылған.

Жол үстінде жататын бағдаршам көше қиылыстарындағы қайғылы жағдайларды азайту мақсатында орналастырылып отыр. Бұл әсіресе, көздері нашар көретіндер мен ұялы телефоннан бас көтермейтін адамдар үшін аса пайдалы. Мұндай бағдаршам әзірге еліміз бойынша тек Шымкентте ғана бар.

“Бұл әзірге сынақ жобасы. Бірақ, бұл жобаны қаржыландыруға бізге кәсіпкерлер көмектесті, сондықтан бюджет қаржысына қол тигізбедік. 8 бағдаршамға 2 миллион теңгеден астам қаржы кетті”, – дейді Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Серік Нұрманов.

Әзірге бұл инновациялық жаңалықтың әсері мен тиімділігі тексеріліп көрмек. Мұндай бағдаршамдар Ресейде, Чехияда бар. Бірақ, сол құрылғылардың жол апатының азаюына әсерін тигізгені туралы ақпарат аз.

Бұған дейін аталмыш бағдаршамды тұрғындардың әлеуметтік желіге жариялағанын жазған едік.

Талқылау