Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен Лилия Ахметованы туыстары мен полиция іздеп жатыр

Шымкентте туыстары мен полицейлер жоғалып кеткен Лилия Ахметованы іздеп жатыр. Он төрт жастағы қыз 14 маусым күні үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

нгнг

Бұл туралы otyarar.kz хабарлайды.

Лилия туыстарымен бірге Шымкенттегі Чапаев ауылында тұрады екен.

14-інен 15-іне қараған түні куәгерлер оны қаланың теміржол вокзалынан көрген. Ал туыстары болса басқа қалаға кетіп қалатындай оның өзінде құжаттары жоқ дейді.

Қыз жасыл қысқа шалбар мен ақшыл-қызғылт жейде, ақ түсті туфли киген. Қыздың өзімен бірге шағын сөмкесі ғана болған.

Лилияның бойы 1,55 см. Егер, оны көрген-білгендер болса полицияға хабарласқандары жөн.

Талқылау