Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен кәсіпкер әйелді туыстары іздестіріп жатыр

Шымкентте жоғалып кеткен кәсіпкер әйелмен телефон арқылы байланыса алмаған соң жайлы алғашқы болып балалары полицияға хабарлаған.

Безымянный

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Кәсіпкер әйел жүргізушісімен бірге жүк көлігімен Павлодар қаласына бет алған. Алматы мен Жамбыл облысының шекарасында жүк көлігі жүрмей қалған. Кәсіпкер әйел такси ұстап, жақын қалалардың біріне камера алуға кеткен. Әзірге ол туралы бар ақпарат осы.

Кәсіпкер соңғы рет балаларына 17 сәуір күні хабарласқан екен.

«Әпкем ешқандай психикалық дертпен ауырмайды. Отбасында бәрі жақсы болатын. Күйеуі екеуінің жүргізетін кішігірім жұмыстары бар. күйеуі қазір Ресейде. Ол үнемі жол жүретіндіктен телефоны өшіп тұрады. Әрбір 3-4 сағат сайын хабарласып, аман-сау екенін білдіріп тұратын. Осы жолы жүк көлігі сынып қалғанда соңғы рет хабарласқан. Одан кейін телефонының қуаты бітіп қалған шығар немесе ол жүрген жерде телефон антеннасы ұстамайтын шығар деп ойладық. Кейіннен шындап қауіптене бастадық», – дейді жоғалған әйелдің ағасы.

Әйелдің туыстары бұл жайлы Алматы мен Жамбыл облысының полицейлеріне хабарлаған.

Жоғалған әйелдің аты-жөні Гүлзахира Измадинова. Ол 1967 жылы дүниеге келген. Ол  туралы қандай да бір ақпарат білгендерден 8-702-246-06-76 немесе 8-747-607-87-46 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Қазір кәсіпкердің туыстары жол бойында ол жөнінде парақшалар таратып жатыр. Олар екі күн ішінде кәсіпкерді көрген жолаушылар болуы мүмкін деп үміттенеді.

Талқылау