Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалған жігіт өзінің ұрлануын ұйымдастырып, әкесінен $20 мың талап еткен

ОҚО-да 28 жастағы Амангелді Ақынов жоғалып,  іздестірілген еді. Туыстары оның табылғанын хабарлады. Енді оның неліктен жоғалғанының себебі белгілі болды.

c99378b6bc3fdc9a138ddc8343e1c612_XL

Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейге 10 мамыр күні жігіттің әкесі арызданып, ұлын әлдекімдердің ұрлап кетіп, ақша талап етіп отырғанын айтқан. Дәлел ретінде телефонына келген хабарламаларды да көрсеткен. Хабарламада ұлының амандығы үшін 20 мың доллар талап еткені жазылған.

Полицейлер жоғалған жігітті сол күні тапты. Ол жалдамалы пәтердің алдында демалып отырған. Ол өзін ұрлады деп қолдан ұйымдастырып, әкесінен ақша алмақ болған. Жігіт істеген ісін өзі мойындаған. Ол әлдебір іске қарыздар болып, сол тығырықтан шығу үшін осындай қадамға барғанын айтады.

Талқылау