Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалған Әйгерім Оспанбекованың өлі денесі табылды

Жоғалған қыздың денесін Қазығұрт ауданында тапты. Оның денесінде зорлап өлтірілген белгілер бар болып шықты. Бұл туралы Сарыағаш ауданының прокуроры Асқанбеков Нұрғали Шекербекович мәлімдеді.

IMAG1850-5-696x416

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Айта кетейік, 10 мамыр күні Сарыағаш ауданының полиция бөліміне Сүннет Оспанбеков қызының жоғалғаны жөнінде арыз жазған еді.

1998 жылғы Әйгерім Оспанбекова Жаңатұрмыс ауылынан шығып, Шымкентке бет алған. Ол «Халықтар достығы» университетінде оқиған.

Әйгерімнің ағасының айтуынша, қарындасы жол бойында құрбысына көлік жүргізушісінен қорқып келе жатқанын, сондықтан оны күтіп алуын сұрап хабарлама жіберген екен.

Кейіннен жоғалған қызды көрген куәгердің табыланын хабарлаған едік.

Оқиғаға күдікті 1990 жылғы күдікті адам ұсталды. Оған қатысты ҚР К 1-бөлімі, 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайы толық ашылған жоқ.

Талқылау