Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалған 14 жастағы қыз туралы жаңа деректер пайда болды

Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың 14 маусым күні туған күнге кеткеннен кейін қайтып оралмаған.

7474

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Чапаев ауылында тұратын қыз, №34 мектептің оқушысы екен. Бір апта бұрын сегізінші сынып оқушысы үйден шығып кетіп, әлі оралмаған.

“Ол құрбысымен бірге туған күнге кеткен. Оны біреулер соңғы рет түнгі 12 шамасында вокзалдан көрдік дейді. Біз қз күшімізбен іздеп, сосын үш күннен соң полицияға хабар бердік”, – дейді оның әпкесі 17 жастағы Тахмина.

c558a3f0cf38063e7d888004fc758e20

Қыздың анасы Наталия Алымова Лилияны соңғы рет 19 жастағы Садық деген мектептегі танысы көріпті дейді.

“Ол бұрын Чапаев ауылында тұрған. Қазір қалада 11 ықшам ауданда. Олар туған күнде болып, сосын Садық такси шақыртқан. Надяны таксиге салып жіберген де, Лилияны көпірге дейін шығарып салыпты. Одан кейін оны ешкім көрмеген”, – дейді анасы. Қазір тергеушілер ол жігітпен де жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Әйел сондай-ақ, қызының бұрын үйден ұзап ешқайда кетпейтінін де айтты. Отбасында ешқандай ұрыс-керіс те болмаған. Жақын адамдардың айтуынша ол жігіттермен де араласпаған. Оның өзінде құжаты, ақшасы жоқ. Мектептегі сабақ үлгерімі де көңіл толтырарлықтай болған.

cdaaef175592f104dad085a9b05a0e2a

Наталья қызының аман-сау екеніне үміттенеді. Ол тек қызы қазір үйге келуден қорқып жүрген шығар дейді. Сонда да ол БАҚ арқылы қызына үйге келуін өтініп сұрады.

Кім де кім Лилияны көрген болса, 102 шұғыл нөміріне немесе мына нөмірлерге қоңырау шалса болады: +7 776 800 81 81, +7 701 087 78 78, 97 60 09

Талқылау