Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалған 12 жастағы Балнұр Насыр тірі күйінде табылды

12 жасар қыздың анасы жергілікті полицияға хабарласып, жексенбі күні қызының із-түссіз жоғалғанын хабарлаған едік. Қызы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмапты.

11989994

Бұған дейін 12 жасар Балнұрдың жоғалғанын хабарлаған едік. Енді полицейлер оның қалай табылғанын айтып берді.

«Бүгін, 23 мамыр күні Насыр Балнұрды Нұрсәт ықшамауданынан балалар көріп қалыпты. Оқушылар оның мұғаліміне хабарласып, мұғалімі Балнұрды мектепке алып келген. Осыдан соң полицияға хабар берді», – деп хабарлайды полициядағылар.

Қазіргі уақытта 12 жастағы қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Барлық қажетті тексерістен өткеннен кейін қыз бала ата-анасына жіберілетін болады.

Талқылау