Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жедел жәрдем көлігі автобуспен соқтығысты

Шымкентте жедел жәрдем көлігі автобуспен соқтығысып, ірі жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы Гагарин көшесінде 5 шілде күні болған.

AA688501.MXF_snapshot_00.00_2016.07.07_12.53.30-e1467877290270

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Емделушіні жедел түрде ауруханаға жеткізбекші болған жүргізуші алға озып шықпақшы болған сәтте, қарсы беттегі автобусқа соққан.

AA688801.MXF_snapshot_00.00_2016.07.07_12.53.51-e1467876861576

Бұл кезде қоғамдық көлік салонында жолаушылар болған. Куәгерлердің айтуынша, емделушіні қалайда ауруханаға басқа көлікке ауыстыру арқылы жеткізген.

AA689701.MXF_snapshot_00.01_2016.07.07_12.53.05-e1467876845757

Жол оқиғасы барысында төрт адам зардап шекті: екі жолаушы және автобус кондукторы, жедел жәрдем көлігіндегі дәрігер. Олардың денелері аздап жарақат алып, жырып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Талқылау