Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жол жүру жолағы пайда болды (видео)

Шымкент қаласында жаяу жүргіншілердің жүруін не тоқтап тұру керектігін ескертетін ерекше жолақ пайда болды.

а

Facebook желісінің қолданушысы жолақты видеоға түсіріп, өз парақшасында жариялаған. «Біз осындай керемет дүние жасадық. Және ол Қазақстанның Шымкент қаласында ғана бар», – деп жазады автор.

Әр түсте жанып тұратын жолақ бағдаршамның қызметін атқарады. Яғни, жүргіншілер жүретін кезде жасыл жанып, тоқтауы керек кезде қызыл түспен жанып тұрады.

Автордың айтуынша, мұндай жолақ Прага, Берлин, Мәскеу қалаларында бар. Енді ол Шымкент қаласында пайда болды.

Талқылау