Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жас музыканттар “Домбыра пати” акциясын жалғастыруда (видео)

Шымкентте жас музыканттар “Домбыра пати” акциясын қайта жандандарып өрістетіп жатыр. Жас жігіттер мен қыздардың домбырада ойнап халықтық әуендерді шырқап жатқан бейнежазбасы күн сайын желіге түсіп жатыр.

Безымянный

Акцияның шарты қиын емес, ең бастысы музыкалық шығарманы таза ауада отырып орындай алу керек. Керемет дайындықтың да қажеті шамалы. “Домбыра патиді” өткізуге ең ыңғайлы орын ретінде Шәмші Қалдаяқов саябағы таңдап алынған. Жиылған қыз-жігіттер даңқты компазитор атындағы саябақ ерекше шабыт сыйлайтынын, дем бітіретінін айтады.

“Домбыра пати” акциясы Шымкентте осымен бесінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. 2013 жылы Абай саябағынан тәртіп сақшылары қуғаннан кейін, олар аз-аздан жиналуға келіскен.

“Домбыра патиге” қатысатын әрбір өнерпаздың өз қолдаушы тобы да болады. Алайда күн сайын олардың көрсеткен өнерлері интернетке жүктелетіндіктен, жаңаша тыңдармандар легі де қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады.

Талқылау