Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жас қыз құлаққаптың кесірінен пойыз астына түсіп көз жұмды

Шымкентте 20 жастағы қыз пойыздың астына түсіп, мерт болды. Оқиға таңғы уақытта орын алған. Алматы-Шымкент бағытындағы Отырар пойызы теміржол жағасын бойлаған қызды қағып кеткен.

1440141665_1

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Шымкенттің теміржол қызметкерлері таңертеңгілік уақытта пойыздың бір қызды қығап кеткені жайлы ақпарат алған.

Жас қыз Шымкенттен Алматыға бет алған № 11 «Отырар» пойызының астына түскен. Оқиға  292 шықырымдағы «Кызылсай-Шымкент» аймағында болған.

Әйгерім есімді бойжеткен тыйым салынған жерден теміржолды кесіп өткен. Жәбірленуші сол маңайдағы ірі сауда орталығында жұмыс істейтін болып шықты. Белгілі болғаны — қаза болған азаматша Мақтаарал ауданының тумасы.

Қатты соққыдан жәбірленуші 20 метрдей жерге ұшып кеткен. Айта кету керек, мұнда теміржолды кесіп өтуге кедергі болатын қоршаулар орнатылған. Бірақ жергілікті тұрғындар оның бір тұсын қиып тастап, арнайы орын қалдырыпты.

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен құлаққаппен жүріп, ауыр техниканың дыбысын естімей қалған болуы мүмкін. 2015 жылдың өзінде осы маңда 11 адам пойыздың астына түсіп, мерт болған.

Талқылау