Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жарылыс болды. Ер адамдар снарядты кесіп, бөлшектемек болған

Бүгін Шымкентте жарылыс болды. Полиция жарылысқа артиллериялық снаряд себеп болғанын айтты.

Шымкентте жарылыс болды. Ер адамдар снарядты кесіп, бөлшектемек болған

Бұл туралы ІІМ-нің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Бүгін, 11 ақпанда, таңертең «Забадам» ықшамауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан екі ер адам зардап шекті. Дәрігерлер 1984 жылғы азаматтың сол қолы мен аяғын кесуге мәжбүр болды. Қазір ол ауыр жағдайда жатыр. Ал зардап шеккен екінші азамат 1998 жылғы. Оның сол аяғы сынып, жарақаттанған.

Белгілісі, жарылыс болған үйде бір отбасы тұрып жатқан. Алайда жарылыс кезінде зардап шеккендердің бірінің жұбайы мен кішкентай балалары үйде болмаған.

Үйде болған ер адамдардың бірі снарядты шарқайрақпен кесіп, бөлшектемек болған. Оны металл қабылдайтын орынға өткізгісі келген екен.

Тексеріс барысында шұғыл тергеу тобы оқиға орнынан осы тәрізді ату жарақтарын тапты.

Зардап шеккендердің туыстарының сөзінше, ату жарақтары түнде Арыс қаласынан әкелінген екен-мыс. Оларды бөлшектеп, металл қабылдайтын орынға өткізу үшін әкелген.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 287-бабына (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау