Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғары жылдамдықпен жүйіткіген жүргізуші апатқа ұшырап, көз жұмды

16 наурыздан 17-сіне қараған түні Шымкент қаласында жантүршігерлік көлік апаты болып, жүргізуші көз жұмды.

Бұл туралы otyrar.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жол апатында болған қатты соққыдан көлік жарамсыз болып қалған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жарнама тақтасына және бетон қоршауға соғылған.

Соққының қатты болғаны соншалық жеңіл көлік екіге бөлініп, артынша жана бастаған. Көлік апаты болған оқиға орнына, полицейлер, жедел жәрдемнің екі бригадасы және өрт сөндірушілер келген.

Өрт сөндірілгеннен кейін дәрігерлер жүргізушінің апат кезінде қайтыс болғанын тіркеді. Көлікте 1989 жылы туылған азаматтан басқа жолаушы болмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Таразда шайханада 3 400 теңге шотты төлеуден бас тартқан ер адамдар атыс шығарды

Шымкентте белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын өлтіріп кеткен

Грузияда туристер мінген арқан жол істен шығып бірнеше адам жарақат алды (видео)

Ақтөбеде бесінші сынып оқушысы жолдасының аяғына пышық сұғып алды

Талқылау