Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 21 сәбиді сатқан дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты

Шымкенттегі облыстық перзентханадағы нәрестелерді сату ісіне қатысты сот үкімі шықты.

otyrar_kz-00065-696x392

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа медициналық мекеменің екі қызметкері (босану бөлімінің меңгерушісі және дәрігер акушер-гинеколог) кірген. Екі жылға созылған тергеу барысында балаларды заңсыз асырап алу бойынша 21 дерек тіркелген. Нәтижесінде бұрынғы бөлім меңгерушісі 10 жылға, акушер-гинеколог 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал кәмелетке толмаған баласы бар тағы бір әйелдің тағдырын арнайы қамқорлық комиссиясы шешпек.

“Іс бойынша Мамекованың кәмелетке толмаған баласына қатысты қамқорлық органдарына қаулы жіберілді. Сондай-ақ, заңсыз бала асырап алу деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді судья Әбинұр Қарабаев.

Еске сала кетсек, медициналық мекемедегі сәбилерді астыртын саудаға салу ісін прокурорлар ашқан еді. Зерттеу жұмыстарымен ОҚО прокуратурасының арнайы прокурорлары айналысты. Зерттеу жұмыстары жылдан астам уақытқа созылып, 46 томды құрайтын материалдар жиналған.

Орталықтың екі дәрігеріне Қылмыстық кодекстің сол кездегі күшіндегі бірнеше бап бойынша айып тағылды. Оның ішінде баланы сату бабы да бар. Дәрігерлердің 21 баланы саудаға салып, табыс тапқаны да анықталды.

Нәрестелердің бағасы 200 мың теңгеден басталған. Қылмыскерлер ата-анасы бас тартқандардың баласын сатқан. Ал “жаңа ата-аналар” атанған Тараз қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының адамдары екен. Прокуратура бала сату жағдайының 2012-2013 жылдарда орын алғанын хабарлады.

Талқылау