Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жалған ақша жасады деген күдікпен Нигерияның екі азаматы ұсталды

Шымкентте жалған доллар шығарумен айналысты деген күдікпен Нигерияның екі азаматы ұсталды.

3ae5f1fa9df8a638343ee02aab35ed97

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Астанадан аттанған 39 жастағы Нвоке Экендеричукву мен 30 жастағы Оба Жозефат қыркүйек айының ортасында ағылшын тілінің ұстазы ретінде Шымкентке барып, пәтер жалдап тұрған. Алайда олар пәтерді жалған АҚШ долларын басып шығаратын шағын фабрикаға айналдырып жіберген. Ақшаны жасау жолдары тергеу мәліметтерінде келтірілген, алайда оны жариялауға болмайды.

IMG-20160930-WA0002-e1475249122261

Пәтерді тінту барысында құқық қорғаушылар тек 2 дана жүз долларлық купюраны тапты, алайда олар одан бөлек 16 200 доллар жасап үлгерген деген күдік бар.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-ның 231-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау