Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жалдамалы пәтер иелері полицейлермен төбелесті (видео)

Шымкентте полицейлер тұрғындар тарапынан арыз-шағым көптеп түскен соң, жалдамалы пәтер берушілердің жұмыс тәртібін реттемек болып, тексеріске шыққан. 50 шақты қала тұрғындарының атынан шағым түскен.

г

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

«Біз осы бір күндік жалдамалы пәтерлерден шаршадық. Терезе алды лас болып, мүшеқаптар шашылып жатады. Түнімен айқайлап ұйқы бермейді. Қыздар темекі шегеді, ішімдік шегеді, қабырғалардан бәрі естіліп тұрады. Балаларымыздан ұяламыз. Бұл пәтерлерді жалға беруді тоқтату керек», -дейді тұрғындар.

Алайда, пәтер берушілер өз кәсібі үшін полицейлерге қарсылық танытудан бас тартпады. Пәтер жалдаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартудың соңы төбелеске ұласқан. Пәтер еруші әйел мен оның ұлы полицейлерге жұдырық ала жөнелген.

с

«Біздің рейд жүргізуіміздің мақсаты қоғамдық тәртіпті қадағалау. Біз бір күнге жалға берілетін пәтерлерді тексереміз. Соңғы аптада әкімшілік жауапкершілікке 19 адамды тартылып, оның 5-уінің ісі сотқа жіберілді», – дейді әл-Фараби аудандық сотының орынбасары Қайрат Қалымбетов.

Пәтер беруші ұлы мен анасына енді айыппұл мөлшері заңсыз пәтер бергені үшін 100 есе болып жазылмақ.

«Олар билік өкілдеріне қарсылық көрсеткені үшін 379-бапқа сәйкес 300 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», – дейді Қайрат Қалымбетов.

Талқылау