Шымкентте жүгенсіз жүргізушіні марқұмның туыстары өз бетінше жазаламақ болды

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 7:14

Шымкентте екі бүлдіршін мен оның анасын қағып кеткен көлік жүргізушісі қамауға алынды. Оны қатал жазалауды талап еткен халық апаттан соң оқиға орнына келген әкімдер мен прокурорларға дүрсе қоя берген. Шенеуніктерді ортаға алған жұрт осы жолақта талай адам өлсе де былқ етпегенін бетіне басты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабардар етті.

8955357

Сурет newskaz.ru

Шымкенттің ең өркениетті Нұрсәт ықшамауданында орналасқан жолақтан әбден зәрезап болған тұрғындар осы апаттан соң шыдамдары таусылыпты. Түнгі сағат 10 шамасында екі баласымен жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 42 жастағы әйелді Лэнд Крузер жаншып өткен. 12 жастағы қыз апат орнында көз жұмса, 6 жасар ұл ауруханада қайтыс болды.

Сол жерде ұсталған көлік иесі болса жол апатының себебін “салонға түсіп кеткен шылымын аламын деп бір сәтке назарым ауып кетті”, -деп түсіндіріпті. Қазір, ол қамауға алынып, тергеу басталды. Ал, ұл-қызынан айрылған ана ес-түссіз ауруханада жатыр.

“Бұның диагнозы бас миының өте ауыр жарақаты. Бас ішілік гематомалары. Қазіргі таңда интенсивті терапиялар алынып жатыр”, – дейді реаниматолог Жәнібек Әуелбеков.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар