Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ветеринарлар иттерді балалардың көзінше атқан

Шымкенттің қақ ортасында тапа-тал түсте мылтық атылып, жұрттың зәресін ұшырды. Балалардың көзінше иттерді жайратып салған ветеринарлық қызмет мамандарының жұмысына халықтың көңілі толмайды.

Ал жауаптылар иттерді түскен өтініштер негізінде атамыз деп ақталуда, деп хабарлайды TVK арнасы.

Елена Васильченконың сөзінше, ветеринарлық қызметтің мамандары қаңғыған иттерді көшедегі балалардың көзінше жайратып салған. Аяғы ауыр келіншек бұл көрініске кәмелетке толмаған қызы да куә болғанын айтады. Бұл оқиға қызының психологиясына теріс әсерін тигізеді ме деп алаңдайды. Мұндай бейберекетті көріп жағасын ұстаған тұрғындар іштегі реніштерін жеткізді.

«Барлық бала шықты. Мұның барлығы біздің көзімізше өтті. Қызым үйде жатыр, жылап. Өйткені біз бұл иттерді күшік кезінен қарағанбыз. Олар ешкімге үрмейтін еді», — дейді қала тұрғыны Елена Васильченко.

Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы медициналық колледжінің маңында болған. Қаңғыбас иттер оқу ордасына көршілес орналасқан көп қабатты тұрғын үй маңын мекен еткен. Болған оқиғаның бірін оқу ордасының студенті ұялы сымтетіктің таспасына жазып алған. Онда ветеринарлық қызмет мамандары шаһардың қақ ортасында азулыны жайратып салып, көлікке тиеп жатыр. Айтуларынша, бұл қызметті арнайы шақырту бойынша жүзеге асыруда.

Жауапты мамандарға бір күн бұрын медициналық колледждің коменданты арыз тастаған болып шықты. Мұхтар Имашевтің сөзінше, бұл жерде қаңғыбас иттер қаптап жүреді. Тіпті олардың студенттерді қапқан деректері де тіркелген.

«Біз ескерткенбіз. Иттеріңіз болса, тиісті ережеге сай ұстаңыздар дедік. Мұнда 10-нан астам қаңғыбас ит жүреді. Қауып алған кездері де болған. Қарындасым иттен қорқады. Қаңғыған иттер көп. Ит иелері құжатын көрсетіп, өз аумағында байлап ұстасын», — дейді колледж коменданты Мұхтар Имашев.

Редакциямызға оқиға жайында хабарласқан Диана Мақсұтова аталған колледжде білім алады. Айтуынша иттерге жаны ашып, өз пікірін білдіргені үшін білім ордасының мамандары бойжеткенді қорқытқан.

 «Маған сенімен басқаша сөйлесеміз деп айтты. Өйткені мен мұндай бассыздыққа қарап тұра алмадым. Олар иттерді жұрт көзінше атып, жүксалғышқа тастап жатты. Ит қапты дегенді мүлде естімедік. Оқып жүргенімізге 4 жыл болды ғой», — дейді Диана Мақсұтова.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте эротикалық видеомен танылған шенеунік діни мекемедегі қызметіне қайта келді

Әкесі жындарды қуу үшін ұлының жыныс мүшесін балтамен шауып өлтірді

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

Талқылау