Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ұзындығы мен ені жарты метр шоколад құйылды 

Шымкентте ұзындығы мен ені жарты метр болатын шоколад құйылды. Оны миллиондар қаласына Ресей, Украина, Беларусь кондитерлері тарту етті.

50

Шоколадтың дәмін шыменттің тұрғындары мен қонақтары  «Nikolya Шоколад музейі» көрмесінде  татып көрді, деп хабарлады КазИнформ.

Бұл  көрмеге бас-аяғы 300-ден аса жоғары сапалы экспонат қойылды. Ресей, Украина, Беларусь кондитерлері «Шымкентке қонақкәде» деп, атаған шоколадты құю үшін 3 апта тынымсыз еңбек еткен.

Шоколадтың салмағы 700 келі. Сақтау мерзімі – екі жыл.

Сонымен қатар,  көрмеде арнайы технология бойынша дайындалған эксклюзивті шоколадтар сатылады. Арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады екен.

Көрме екі ай болады.

Талқылау