Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ұры көлікті иесінің көзінше айдап кеткен

Оқиға 19 қазан күні болды. Көлік иесі қалада такси болып қызмет етіп жүреді. Бір уақытта досын көріп қалып, көлігінен шығып соның көлігіне барып отырған. Алайда, көлігін кілтімен қалдырып, есігін де жаппай кетіпті.

IШымкентте ұры көлікті иесінің көзінше айдап кеткен

Отырар телеарнасының «Экстренный вызов» бағдарламасында хабарланды.

Бір уақытта ұры оның көлігіне жылдам отырып айдап кетеді. Бастапқыда сасқалақтап қалған жүргізуші артынша полицейлерге хабар береді.

Оқиға орнына №819 жол патрульдік қызметі жетіп,  жедел іздеу басқармасына «Мерседес» көлігі жайлы хабар береді. Полицейлер күдіктінің аңдып, оны тоқтауға шақырады.

Алайда, талапты орындамаған күдікті бұрылыста жолдан шығып, бағанаға соғылған. Көліктен күдіктіні полицейлер шығарып алды.

Ол бұл ісінің себебін айта алмады. Өйткені ішімікке сылқия тойып алған екен.

 

Талқылау