Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ұры көршісін 1 000 теңгеге бола өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысы соты 25 жастағы Қанат Естемесовтың ісіне қатысты үкім шығарды.

akm204

Бұл туралы  “Отырар TV” арнасы хабарлайды.

Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Естемовтің үй жалдап, артынша көршілерін тонамақ болғаны белгілі болған. Үй иелері жоқ кезде есікті сындырып ішке кірген. Алайда күтпеген жерден үй иесі қайтып келеді.

Есіктің ашық тұрғанын көрген әйел баласына қоңырау шалып оған ұрыса бастайды. Есікті жаппай кетуінің себебін сұрайды. Естемесов тығылып үлгереді. Әйел үйге кірген бойда артқы жағынан келіп тұншықтырады. Әйел талып қалған соң үйді ары қарай тінте бастайды.

“Әйелдің есін жия бастағанын көрген соң электр сымын алып оны тағы да тұншықтыра бастайды. Сым үзіліп кетеді. Бірнеше рет қайта орап, тұншықтыруын жалғастырады. Соңында әйел қайтыс болады”, – дейді сөт төреағасы Әшірбек Рахымбаев.

Қашуға оқталған Естемесов тек 1 000 теңге және әйелдің құны 5 000 теңге болатын сөмкесін алып үлгереді.

Естемесов сот отырысында жылап, кешірім сұрайды. Әйелдің көз алдына жын-пері болып елестегенін айтады. Алайда сот оның ешқандай да психологиялық ауытқуы жоқ екенін анықтайды.

Сот үкімі бойынша Қанат Естемесов 16 жылға бас бостандығынан айырылды.


Жіберіп алмаңыз:

Марат Оралғазин ұрлықшылардың құрбанына айналды

Мәскеуде секс-шоп дүкенін тонап, сатушысын зорлап кеткен ұрлықшы ұсталды

Павлодарда бетперде киген адамдар зоодүкеннен иттің тамағын ұрлап кеткен

Қазақстанда әйелдер күйеулеріне секс-қуыршақтарын өздері алып беретін болған

Талқылау