Шымкентте тауда қаза тапқан құтқарушының отбасына жаңа үй сыйланды

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 15:37

Шымкентте қаза тапқан құтқарушы Жомарт Сәрсенбековтың отбасы “Қайтпас” ықшамауданынан жаңа үйдің кілтін алды. Құтқарушы 2016 жылы 30 мамырда Бургулюк сайында тау шыңында жалғыз қалып кеткен туристі құтқару операциясы кезінде көз жұмған еді.

vlcsnap-2016-11-01-13h47m58s153-746x420

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Жомарт көз жұмған кезде оның артында жары мен төрт баласы және құрсақтағы сәбиі қалған. Бесінші сәбиі әкесіз дүние есігін ашты.

vlcsnap-2016-11-01-13h48m26s180-696x392

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару отрядының бас құтқарушысы Жомарт Орынбасарұлы Сәрсенбеков 2003 жылдың қаңтар айынан бастап осы қызметте жұмыс істеген. Ол бірінші деңгейдегі құтқарушы. Қызмет ету кезінде ешқашан жауапсыздық танытпаған. Ол ОҚО, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында 1973 жылы 1 ақпанда туған.

спасатель

Ол ОҚО және Жамбыл облысындағы әртүрлі деңгейдегі құтқару әрекеттеріне, іздеу жұмыстарына атсалысқан жән республикалық жарыстар мен фестивалдар барысында қауіпсіздік қызметін қадағалаған.

vlcsnap-2016-11-01-13h48m45s114-696x392

Төтенше қоңырау 29 мамырда түскен. Қоңырау шалған жігіт оның досы таудағы сайда қалып кеткенін айтады. Жомарт Сәрсенбеков бірінші болып қамалып қалған туристі табады. Құтқару кезінде Жомарт терең шұңқырға түсіп кетіп, ауыр жарақаттанып қайтыс болады. Оған қаза тапқан соң мемлекеттік “Айбын” ордені табысталды.

Оқи отырыңыз:

Бала көтеру үшін оқылатын дұғалар

Мұxамедиұлы допинг дауына іліккен спортшыларымызға қатысты пікірін білдірді

Жынысын ауыстырған дағыстандық жігітті жерлестері өлтіріп тастады (фото)

Канадалық азамат бейтаныс қызға бауырын беріп артынша оған үйленді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар