Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте табылған тастанды нәрестенің жағдайы ауыр

Шымкент көшесінен табылған сәбиің жағдайын ауыр. Бұл туралы бүгін баспасөз маслихатын өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

 

20170227155114

«2-перинаталдық орталыққа жедел жәрдеммен салмағы 2775 келі болатын нәрестені алып келген. Бастапқы кезде сәбидің жағдайы ауыр болған. Баланың тыныс алуы өте қиын болған. Тастандыны баланың жағдай қазір де сол ауыр күйінде қалып отыр. Дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін бар мүмкіндікті жасауда»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетейік, сенбі күні жеке медициналық орталықтың күзетшісі қоқыс тастайтын жәшік пен банкоматтың арасынан жаңа туған сәбиді тауып алған болатын. Қансыраған сәбиді анасы босанған күйі тастап кеткен деген болжам жасалған-ды. Күзетшілер тез арада жедел жәрдем көлігін шақыртып, сәби перинаталдық орталыққа жеткізілген.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық әйел 7-сыныпта оқитын қызына мұғалімнің қырындағанын айтып шағымданды

Германиялық азамат: Қазақты жамандағандардың тұмсығын бұзуға дайынмын (видео)

Адам өлтірген Қарағанды тұрғыны жарты сағат ішінде ұсталды

Талқылау