Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте түнгі клубта төбелескен судья жұмысынан қуылды

Шымкенттегі «Москва» түнгі клубындағы соңы кісі өлімімен аяқталған төбелеске қатысы бар Әл Фараби аудандық сотының судьясы жұмыстан қуылды.

клуб

Бұл туралы Отырар хабарлайды.

Еске салайық, «Мәскеу» түнгі клубындағы төбелес 2015 жылдың шілде айында болған. Жаппай жаға жыртысудың соңында 21 жастағы жігіт мерт болды.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жұмыссыз азамат ұсталған. Кейінірек Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері осы төбелеске қатысы бар тұлғалардың барлығын анықтады.

Олар туған күнін осында атап өткен судья, полиция қызметкері және достары. Адам өлтіруге қатысы бар 23 жастағы күдікті де солардың арасында.

Қайрат Мәмидің айтуынша, қарастырылып отырған уақыт аралығында 32 судья-магистрант жұмыстан шығарылған. Яғни, тағайындалған қызметкерлердің әр тоғызыншысы деген сөз.

Талқылау