Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте студент қызды қатігездікпен өлтірген таксиске қатысты сот шешімі шықты

Шымкентте 2 апта бойы жоғалды деп саналған студент қызды аяусыз өлтірген қылмыскерге жаза тағайындалды.

20160901165702

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Бүгін қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарды. Істі қарау шамамен екі айға дейін созылды. Жауапқа тартылған 25 жастағы Әлішер Арғымбаев ҚР ҚК-нің 99-бабы және 188-бабы бойынша айыпты деп танылды. Ер адам қатаң режим колониясында 16 жылын өткізеді.

Сот айыпкердің 10 мамыр күні студент қызды аяусыз өлтіргенін анықтады. 17 жастағы Әйгерім Оспанбекова Жаңатұрмыс ауылының тумасы, Шымкент қаласындағы университет студенті. Әйгерім ауылынан қалаға жету үшін Әлішердің көлігін тоқтатқан. Ер адам бұрауышпен қызды 8 жерінен жарақаттаған, ұялы телефоны мен 8,5 мың теңгесін алған. Қыздың денесін жүксалғышқа салып, Бағыс ауылына апарған және жолдың жиегіне көміп тастаған.

Әйгерімнің туыстары берілген жазаны жеңіл деп отыр, әзірге олар қарсы шағым түсіре ме, жоқ па белгісіз. Қорғаушы тарап та сот шешіміне қарсы шығуы мүмкін. Сотталушының анасы ұлының кінәсіз екенін, полицияның жала жауып отырғанын, нағыз қылмыскердің әлі табылмағанын айтуда.

Айта кетейік, Шымкентте студент қыз жоғалып кетіп, кейіннен өлі денесі табылған еді. Жоғалған қызды көрген куәгердің табыланын хабарлаған едік. Студент қыздың өліміне тағы үш адамның қатысы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік. ОҚО ІІД-де жоғалып кетіп мәйіті табылған Әйгерімнің  азапты өлімі жайлы толық  айтылған болатын.

Талқылау