Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте студент қыз жоғалып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында  студент қыз жоғалып кетті. 10 мамыр күні Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне Сүннет Оспанбеков есімді тұрғын хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан.

Aigerim-640x383

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды,

10 мамыр күні  Әйгерім Оспанбекова, 1998 жылдың 5 маусымы күні туған, Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауыл округінің Жаңатұрмыс ауылынан Шымкентке қарай жолға шыққан. Әйгерім қаладағы «Халықтар достығы» университетінде оқиды.

Әйгерімнің ағасының айтуынша, студент қыз жолда жатақханада бірге тұратын көршісіне смс-хабарлама жазып, Шымкентке кіреберістегі «Колос» жер асты өткелінде күтіп алуын өтініп, жүргізушіден қатты қорқып келе жатқанын білдіреді.

Содан бері Әйгерім үйіне де, университетке де келмеген.

Әйгерім Оспанбекованың белгілері: бойы – 160-165 см, орташа денелі, шашы ұзын, қоңыр. Көздері қысыңқы, қара. Құлағында ромбы пішіндес сырғасы болған. Ерекше белгілері жоқ. Үстіне қызыл футболка (кеудесінде ақ түсті жүрек суреті бар), қоңыр джинсы, аяғына қара кеды киген. Өзімен бірге қол сөмкесі мен жол сөмкесі бар.

Егер кімде-кім Әйгерімді көрсе немесе ол мінген көлік жайлы мәлмет білсе, 8-775-346-55-89 нөміріне хабар беруін сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында 2 жасар қыз бала жоғалып кетті

Талқылау