Шымкентте соғыс ардагерлері Жеңіс күнінде 200 мың теңгеден сыйақы алмақ
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Шымкенттік ардагерлер Жеңіс күні қарсаңында 212 мың теңге сыйақы алмақ.
Сурет otyrar.kz
Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.
Ал тігін шеберханалары ардагерлерге арнап жаңа костюмдер тікпек.
“Біз ардагерлерге арнайы мерекелік шеруге киіп шығатын киімдер тігеміз. Жұмысты 1 мамырға дейін аяқтаймыз деп отырмыз”, – дейді әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Ұлдана Бекбау.
Облыс орталығында мерекелік шеру 9 мамыр күні таңғы 8.00-де басталады. Шымкентте Жеңістің 71 жылдығын тойлайтын 141 ардагер дайындалуда.
Талқылау